Posted in

ЖЫН СОҚҚАН КІСІДЕЙ (АДАМДАЙ)

Есінен адасқандай болды. ~ Ілгері жүруге қорқып, Қартқожа шегініп ылдиға түсті. Өңі екенін, түсі екенін айыра алмады. Жын соққан кісідей, аузы жыбыр-жыбыр етті. Түрі жұртта қалған су шүберектей болып, ерні кезерген. Ж.Айм. ~ Олар жанталасып, қорқырап, тулап жатқанда қалған біреуі жын соққан кісіше, ұйқылы көзімен тұра беріп, қайта жығылып қалбалақтап жүр. Ж.Айм. ~ Күйбеңдей жүгіріп, жер тепкілеп жын соққан адамдай өзімді өзім сабалаймын. Т.Ахт.