Жынданып кеткендей. ~ Естімеген, жат әнге тамақтан жіберіп, Мәметте басты. Қыли көзін жын соққандай төңкеріп, қолында қызыл жалау семинаристердің алдында қоқиланып кердең басып келеді. Ж.Айм. ~ Зеңбірек үнін естімеген дала сәйгүліктері жын соққандай болды. Ә.Әл. ~ Не қыларын білмегеннен, біресе құтырынып аспанға атқып, біресе бүгіле домалап жын соққандай қым–қуат болған топ. М.Әу. ~ Есімді жиып, айналама қарасам, Руслан мен Самат жоқ. Біреуі жын соққандай тауға, екіншісі ауылға қарай жүгіріп барады. Қ.Әбіл. ~ Жұмбақты үйдің жанында жын соққандай делдиіп тұрған Тасжан теңіз жақтан ағараңдап келе жатқан аппақ сүлдені көрді. О.Бөк.
