Posted in

ЖЫН СОҚТЫ

Жынданды, ақылынан адасты, құтырды. ~ Кімнің жаны ашымас бүл күйіне, Қарғыс айтпай қала ма сот биіне? «Махкемеде тұрғанда жын соқты», — деп, Андрейді апарды өз үйіне. Шәк. ~ Сұмдық-ай! Жәмиді жын соғыпты.- Бәкібай маңдайынан сорғалаған терді шолақ қолымен сыпыра сүртіп, ентігіп тұра қалды. С.Ом.~ Бақсы не дейді сонда? – Жын соғыпты. Қап, әттең, үйге кіргізбей аластап жіберсеңдер аман қалар ма еді, – дейді. Қ.Мүб.