Posted in

ЖЫНЫ БУҒАН (ҚОЗҒАН) БАҚСЫДАЙ

Еліріп, долданған жынды сүрей адам хақында. ~ Жаңағы ашумен құтырып алған Оразбай қазір анық жыны буған бақсыдай өзінің үлкен үйінің сыртында екі езуінен көбік шашып, бұрқырап, бір топ адамға жер қазғызып жатыр еді. М.Әу. ~ Жыны қозған бақсыдай қақырынып, жөтеліп, екі иығын селкілдетіп, тыным таппаған соң Хамза шымылдықтан шықты да ауылдың үлкендерінен рұқсат сұрап, Исаға өлең айтқызатын боп келісті. А.Жақс.