Posted in

ЖЫНЫ ҚОЗДЫ (КЕЛДІ )

Ашу шақырды, әлденеге ыза боп, зығыры қайнады, өзінен-өзі өрекпіді. ~ “Жинал!” дегенде жинала қоймайтын осынау тәртіпсіз надан елге жыны қозып жарылғалы отыр. С.Елу. ~ Топырлаған жұртты, саңқылдаған әнді естіген соң жыны қозып кеткен ғой… — деп сәл төмен отырған балаң жігіт жаңағы жігіт ағасына қарады. Қ.Мүб. ~ Байыбына бармай «жаңа қазақтар» деп әлдекімдердің осындай азаматтарды мысқылдап, сырттарынан күңкілдейтіндеріне суретшінің де қарадай – қарап жыны келді. Б.Соқ. ~ . Әйелдермен әзiл шалысып, қалжың қағыстырып отыратын еркектерге мұның жыны келетiн. П.Дүй.