Ашуы келді, қырсықты. ~ Бәйділда көлеңке беттің шиін түргізіп тастап, омырауын керегеге тақап жатыр еді. Бір аунап түсті. Дауыстаған Тәуір екенін білгенде, жыны құрыстағандай. Нұрыбайдың тентек немересі, бас тартпаған үйдің қазан-ошағын қиратып кететіні бар. Ғ.Біл. ~ Көңілі көшеден нілдей бұзылып келген Жошының жыны құрыстады да қалды. А.Алт. ~ Қожанияз алдында күтіп тұрған сол талас-тартысты ойласа, жыны құрыстайды. Қырысқабақтанып отыр еді. З.Шүк. ~ Бәйділда көлеңке беттің шиін түргізіп тастап, омырауын керегеге тақап жатыр еді. Бір аунап түсті. Дауыстаған Тәуір екенін білгенде, жыны құрыстағандай. Нұрыбайдың тентек немересі бас тартпаған үйдің қазан-ошағын қиратып кететіні бар. Сонан келе бір аттың майын беруге жарамайды. Бәйділда қазір Тәуірде өткен-кеткен өкпе-кінәсін жіпке тізіп жатыр… Бір жылы Тәуірдің көк жорғасына көңілі кетіп, қолқа қылғанда беті қайтқан… Өмірі Тәуірдің үйінен бір аяқ көже ішіп көрмегенін де ойлап қойды. З.Шүк.
