Бекер болды, зая кетті. ~ Ендігі үйлердің бәрінен де осындай жайды көретінімді білдім, азды-көпті еңбектеніп-тырбанып жинаған мүлік алыстағы адыр ішінде тұл қалған. Басқа үйге кіруге зауқым соқпады. Зайғы болған еңбек десеңші. Б.Қыд. ~ Шалтабай әжептәуір қорланып, ішінен құса, рамкүн болып отырды. Келгенім зайғы болды ма деп те қояды. Б.Қыд. ~ Ольга байқұс «Жандосов сияқты адамды қателіктен алған болар, босатар» деп үміттенуші еді. Ол үміт үзілді, зайғы кетті. Б.Қыд. ~ Алты алашқа салған айғайымыздың әмбесі Алатаудың заңғар-зауына тиіп, өзімізге қайта жеткен жаңғырықтай еді. Бәрі де зайғы кетті. Б.Қыд.
