Posted in

ЗАЛАЛЫ ЖОҚ

Кесірі тимейді, зияны жоқ д.м. ~ Момынға залалым жоқ жалғыз тиын, Кегім кеткен кердеңнің бердім сыйын. Жалғыз– ақ ит әкеңе қыла алмадым, Маған сенін, барлығың, болды киын. Шәк. ~ Д о ғ а л. Не дедің?.. Мен неге де болса бел байлаған жанмын. Жалғыз сенгенім сен! Тез кетпекпін, залалым жоқ. М.Әу. ~ Желше үйірсе жер шары амалым жоқ, Ән сыңсытқан аққуға залалым жоқ. Бейне әуенім толқынды радио, Қоңыр жаздай көңілімнің самалы көп. Т.Әл. ~ Жатып кеп таласады. Бітпейтін дау. Ешкімге залалы жоқ талас. Кейде, ойланып-толғанып бәрін сабырға жеңдіріп отырамыз дейтін қарттардың өзі де өзара қызыл өңеш боп қалады. С.Мұр.