Posted in

ЗАЛАЛЫ ТИДІ (ТИГІЗДІ)

Зияны келді.~ Абай үгіттеп, тәрбиелеп отырған ендігі жаңа заман ақындарына сол алдыңғы авторитет саналып қалған ақындардың ықпалы мен залалы тиюі мүмкін. М.Әу. Оу, ағайындар! Жәбірлемендер баланы, Жәбірлейтіндей қайсыңа тиді залалы?! Бұл да бір асау, құрық көрмеген құлын ғой, Желісін үзіп, сендерден қайда барады. М.Мақ. ~ Бар болғанда қандай? Қанша елемейін десең де, жүйкеге тимей қоймайды. Жұмысқа залалын тигізеді, уақытты алады. С.Бақ. ~ Не керек, айта берсе бұған залалын тигiзбейтiн бәле атаулы жоқ, бәрi қарсы. Ә.Ыб.