Posted in

ЗАМАН ТУДЫ (ЖЕТТІ, КЕЛДІ)

Әлдебір (зұлмат) уақыт келді. ~ “Бөгде біреу кіріп қала ма?” дегендей есік жаққа жалтақтай қарап:– Қазақтың өз саптаяғының құлағына өзі қарауыл қоятын заман туды, Жаке. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Т.Пыск. ~ Отырып терін сүртті. Біраздан соң барып:– Дүниенің асты үстіне түсетінін кім білген қарақтарым. Тұрымтай тұсына, балапан басына кетті дейтін заман туды. О.Көш. ~ Шал. Көрмеген сұмдық, дозақ заман жетті ғой басымызға! Қарағым, тілеуіңді тілеген азаматым не қып тұрсың, ойбай, түге? М.Әу. ~ Еркек болсаң — атаңның аруағына қыз. Жоқ, заман келді, енді Жәркенің қарашысы біз боламыз десеңдер, оларыңды айтыңдар! М.Әу.