Ел аман, жұрт тыныш уақыт. ~ Қазір заман түзу, ел тыныш, бәрі де сыпыраның ішінде отыр: не ішем, не кием демейді, барақат өмір. Сөйтіп отырып бұл адамдар әншейін бақан тірес, ит тартыс ғұмыр кешіп жатқанын қайтерсің! Ә.Асқ. ~ Жатаған ескі үйде отырған жападан-жалғыз Сұлтан ғана. Заман түзу, ақ түйенің қарны жарылып жатқанда жөнді жай салып ала алмағаны жамандығы емей, не? Ә.Тар.
