Жақсы кездері артта қалды, уақыты өтті, қартайды, керегі болмай қалды. ~ Ол да заманы өткен ата бәйтеректей мынау құмақ өлкенің шыжғырған ыстығы мен сарылтқан ұзақ жолынан кенезесі кеуіп жеткен пендеге сая мәуе тауып бере ала ма… Ә.Кек. ~ Шәкітайды күң, бізді күл етіп байлығына телміртпек қой. Оған мен көнбеймін. Олардың ол заманы өткен, — деп долдана көзі бадырайып тоқтады. С.Бег. ~ Адам адамға дос та, туыс та емес. Василий Сергеевичтердің заманы өткен. С.См. ~ Әрбірден кейін жазушылықтың заманы өткен, сен жазатын оқиға, тарих, телесериал болып көз алдыңа бейнелі, жанды көрсетіледі, тағы басқа да керегіңнің бәрі де теледидарда, интернетте, саған енді жазушылықтың керегі қаншалық? Н.Абд.
