Posted in

ЗАПЫРАН (ЗАПРАН) ТӨКТІ (ТӨГІЛДІ, АТТЫ)

Қайғы-зарын сыртқа шығарды, көкірегіндегі ащы уайымын, өкінішін айтты, іштегі шерін ақтарды.~ Ашу — дұшпан не істетпейді; әрі ылғи да бетіне тура келіп, біреу «сен» деп көрмеген Қуан ЬІсқаққа әйелі жайында ащы запранын лақылдата төкті – ей дейсің… М.Сүн. ~ Зар үні запыран төккенде бұрылмай кетсек, тілек сөзін тыңдағанымыз қане? С.См. ~ Көкірегімде қатып жатқан запыранның төгілуіне көмектескеніңіз үшін рахмет айтуға келдім… Б.Тоғ. ~ ~ Өмір – жақының, жатың. Алысың, жақының. Аулың, елің. Мақсатың, тілегің. Солардан көбіне көп реніш алсаң, көңіл түкпіріне таусылмас шер мен запыран төгіле берсе, ондай өмірдің несін қимассың. С.См. ~ Жұматайлар әнін қайыра бергенде отарба қозғалып, ілініп тұрған күй қылы шырт үзілгендей, көкейдің бәрі ылажсыз аһ ұрып, запран атты. Ғ.Сл.