Posted in

ЗАПЫРАН ҚҰСТЫ

Қайғы-мұңын сыртқа шығарды. ~ Мәкең туған әкесіне де Малсекеңе қызмет еткендей, зыр жүгіріп, запыран құсқан жоқ. Н.Дәу. ~.Өрім жас албырт ұрпағым, өмірдің кешіп бұрқағын Запыран құсқан заманда Арман мен үміт – санаңда … Ф.Оңғ. ~ Ей, Шыңғыстаудың баласы, Запыран құстым зар қылып, Қазақтың қайран даласы – Жаңғырықтардан мәңгіріп, Есімнен кетті тандырып… Ғ.Жайл. ~ Мәкең туған әкесіне де Малсекеңе қызмет еткендей, зыр жүгіріп, запыран құсқан жоқ. Н.Дәу.

  1. Зәрін төкті, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты. ~ Бұл жәй ғана былапыт емес, барып тұрған қауіпті былапыт, мұны адамдар пайдаланады, зар илеп, запыран құсады, – дедім мен. К.Мырз.