Зәру етті, мұқтаж қылды, аңсатты, сағындырды. ~ Күннің нұрын жасырып, Бір көруге зар қылды. Үрейін жұрттың қашырып, Кең дүниені тар қылды. М.Дул. ~ Мейірімді Ием, таза, нәзік әйелді Қара жүрек қазаққа неге жараттың? Аһ, зар қылды, құлағына кім ілді? Сорлыларды жауыздарға қараттың!.. М.Жұм. ~ Ойбай бауырым-ай, сені де көретін күн бар екен ғой. Нұр дидарыңды бір көруге зар қылдың ғой, – деп құшақтай салды. Т.Ахт. ~ Кешір, ұлым! «Апа!» дейтін сәби үніңе зар қылғаның қалай? Қайғымды шайып тастар балалық ықыласыңа зар қылғаның қалай? С.См.
