Posted in

ЗАТЫ БАСҚА

Елден ерек, жаратылысы өзге. ~ Біздің ханның қызын келіп сұраса, хан: — Мен заты басқа қалмаққа қыз бермеймін, – дейді. Оған ашуланған қалмақ: «Төбеңе әскер ойнатып қызыңды тартып аламын» деген. ҚЕ. ~ Кейбiр азаматтардың‚ мысалы “термин” деген тiлiмiздегi күнде қолданып жүрген мыңдаған байырғы сөздерден табиғаты бөлек‚ қарапайым қазақ сөздерiнен тегi‚ заты басқа‚ өзiндiк
бiр сыр-құпиясы бар “ерекше сөз” деген ұғымды ұстануынан байқалады. Ә.Қай. ~ Онан соң қазақ сөзінде жауласқан, атысқан, шабысқан әңгіме болса, қырғызбенен, қалмақпенен бола береді. Сонан ойлаймын: «Қырғыз, казак аты ұйқас болса да, заты басқалығы бар-ау!» — деп. ҚЕ.