Тым жоғарыда. ~ Қырандай зау биіктен қараған ел, Таулық боп, туын шыңға қадаған ел, Өз тілін, салт-дәстүрін сақтап қалған, Далалық ер түріктен тараған ел! Б.Әлімж. ~ Кейде кеудесін ыза кернеп, тіпті құмның үстінен зау биікте ұшып бара жатқан зымыран ұшаққа тас лақтырғысы келеді. Ш.Мұрт. ~ Бархан үшін упрдан (управляющий) бастап, зоотехник, директор, парторг, аудан, облыс, Республика, Одақ басшыларының бәрі биік. Бәрі зау биікте. Ш.Мұрт. ~ Aл әлгi Қыран әрі- сәрі болып тұрған сенің төбеңнен зау биікте асықпай айналып ұшып, ар жағыңнан бір қарап, бер жағыңнан бір қарап: «Сен қайдан жүрсің? Не іздеп жүрсің?» — дегендей, жалықпай қалықтайды. Ш.Мұрт.
