Posted in

ЗАУАЛЫН БЕРДІ

Сазайын тартқызды, жазасын берді. ~ Біздің көрші қарт үнемі: – Ей, алласын ұмытқан күнаһар пенделер-ай, -деп күбірлейтін де жүретін – бұл оңбаған патшағарлардың күні ертең-ақ құдай зауалын берер, ей паруардигар аллам, бір өзің сақтай гөр. Ж.Шәк. ~ Мұны көріп шал қатты қамығады. – Осы қойдың сүтін қорек етуші едік. Енді қалай күн көреміз? Бұл зұлымдардың зауалын беретін біреу табыла ма? ҚЕ.