Ықылас қойды. ~ Өмірінде әліпті таяқ деп білмейтін Зейнеп аса зейін салып оқыды. М.Әбд. ~ Сыралғы Жәзира оның бұл мінезін біледі; айып етпей, зейін қоя тыңдайтыны сонан. М.Сүн. ~ Әсіресе, біздің Саржан. Әнебір жылдары мұғалімін жамандап келуші еді. Қазір көңілі құлаған. Оқуға зейін қоя бастады. Н.Сер. ~ «Сырда туған сырдың ұлы, жаңа Гейне мен болам» деп 1936 жылдары жар салған ақын Ә.Тәжібаев та 1937-1938 жылдардан кейін, 50-ші жылдары ғана лирикаға біржола үн қосуға зейін қойды, деп айта алмаймыз. Ш.Сари.
