Ынта қойып, шұқшия қарады; көңіл аударды. ~ Осы сағаттарда ол бейне бұл шаһарға бөтен бiр планетадан келiп түскен адам сияқты тым сергек, терең сардармен зер салады. Р.Рай. ~ Кейде бүгінгі өмірдің сыр-сипатын ұғу үшін адам баласы алысқа өзінің өткен шалғайына зер салады. Ш.Айт. ~ Қасындағы адамдарға зер салып шықты. Біреуі жез мұрт сары. Біреуі бұжыр қара. Т.Әл. ~ Төлегеннің қай еңбегін алып зер салсам да, тап осылай толғандырады, олар – жай ортанқол дүниелер емес, қазақ әдебиетіне өз үлесін әкелген ақиық ақынның үні. К.Сал.
