Өлердей қып қорқытты, зәресін алды. ~ Бір-ақ сәтке көтер басты, ақыным! – Қоштасуға келді алыс-жақының… Пенделердің зәре-құтын ұшырма – Көтер басты?! Тек ақырын, ақырын… И-Ғай. ~ … өзгенің мінін көргіш кейбір замандастары кезінде келтек ала жүгіріп, талай зәре-құтын қашырған. О.Сәрс. ~ … келуші пәм демей жатып оның ішіндегі көкейкесті сырын толық біліп отыратындығымен оны таң-тамаша ғып, әрі-беріден соң тіпті абыржытып, зәре-құтын қашыратын еді. Ф.Дост. ~ Кез келген жылқышы, малшыны ұстап ап, көкпарша созбайлап, із-түзсіз жоғалған жылқыларын қазбалай сұрап, ештеме көрмеген елдің зәре-құтын алып, қайсыбірін соққыға жығып кетеді. С.Жүн. ~ «…Апыр-ай, бұл кім болды, таң сәріде, Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?! Кұстардың зәре-құтын шырқыратқан, Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?! М.Мақ.
