Үрейі ұшты, қатты қорықты. ~ Зәрем зәр түбіне кетті. Бәрі дүрлігіп, ыдыс-аяқты қиратып, үстелді, тақтайды тарсылдатып,
үйді басына көтеріп барады. Қорқып мен орнымнан ұшып түрегелдім. Ж.Айм. ~ Осыны ойлағанда, зәрем зәр түбіне кетіп,
маңдайым суып сала берді. Т.Сәу. ~ Күресі құрсын! – деді әкем кейіп сөйлеп. – Осында демалысқа келген балалардан сені
күреске қалды деп естігенде, зәреміз зәр түбіне жетті… Т.Әбд. ~
