Posted in

ЗӘРЕСІ КЕТТІ (ҚАЛМАДЫ)

Бойын үрей билеп алды. ~ Шатырлап көкте найзағай, Атылып кәр, жай түсіп. Таба алмай адам жанға жай, Зәресі кетті шатысып. А.Байт. ~ — Кім біледі оны, әлгіндей тереңдігін көрген соң жұрттың жүдә зәресі кетіп, бытырай қашты. Мен де тартып отырып, елден бір-ақ шықтым. С.Мұқ. ~ Балдарға қызылша шықса, зәресі кететін. Бақсам, үйінің өзінен басқа бар баласы қызылшадан қырылған екен ғой. Ү.Жәл. ~ Бай Жақыпқа Несқараның Манасты өлтіруге келе жатқанын айтады. Зәресі кеткен Жақып жақын жердегі қырғыздарға жетіп, хабар береді. Сол уақытта Манасқа Жақыптан хабар жетеді. Б.Әлім.

Өлердей қорықты. ~ Өзеннің ортасына келгенде, қарт тәлтіректеп сенделіп кетті. Тізесі бүгіліп жығылуға айналды. «Өлген жерім осы болар» деп зәресі қалмады. Қ.Жұм. ~ Бұл қорлыққа шыдай алмаған Танабай шөп шаншитын айырды ала салып, әлгі дәулерге тұра ұмтылады. Дәулер зәресі қалмай, аттарына мініп безіп береді. Ш.Мұрт.