Ашу қысып, өңі бұзылды, долданды. ~ Екеуі де демдерін ішіне тартып, көгеріп, сазарып отыр. Өңдері боп-боз. Қандарын ішіне тартып алған. Зәрі бетіне шығып тұр. Жүзінде ашу белгісі бар. Ісініп алған. Ә.Шәр. ~ Бөлім бастығы бұлқан-талкан, қаһарын ерттеп мініп апты. Департаментке келген бетім, мені шақыртып алды да, бетіне сідігі шапшып: «Әй, бай болғыр, айтшы, осы сен не бітіріп жүрсің?» — деді. Н.Гог. ~ Өзінен өзі бүлініп жүрген бір көқдолы сияқты. «Құрып кетсін, кәпір. Бетіне сідігі шапшып тұр екен пәдеріңе нәлеттің» деп ойлаған Қыдырбай біраз аңырап тұрды да, беті ауған жаққа қарай ілби аяндап келе жатты. Д.Шал.
