Posted in

ЗӘРІ ҚАЙТТЫ

Күші тайды, ашуы қайтты, ызғары басылды. ~ Ұйқысы қанды жатқасын, Арақтың зәрі қайтқасын, Қарғып тұрды орнынан. Қараса, жатыр зынданда, Арылмай бала сорынан. “Алпамыс б.” ~ Үскірік әлі есіп тұр. Бірақ ертеңгісіндегідей емес, зәрі қайтқан сияқты. Тіпті бетке жұп-жұмсақ тиеді. С.Мұр. ~ Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып, Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып. Майрылып ақ семсерлер қалайы боп, Қажытты мұзбалақты күй мұңайтып. І.Жанс. ~ Қырат біраз көтеріліп келді де шұғыл еңкейді. Арғы беткейде жел саябырлап, денеге қадалған сыздың зәрі қайтты. Т.Ахт. ~ Тек, күннің зәрі қайта, арқаны кеңге салып, үйшіктен шығады да шарбақ жақты аңдиды. Ол жақтан иесі келеді. Иесі келсе… А.Нүс.