Posted in

ЗӘРІ ҚАТТЫ (МЫҚТЫ)

Улы, уыты күшті. ~ «Атамның жерін бергін!» – деп, Алтайлық келіп қамады. Зәрі қатты Манасы, Кетірді менің шамамды. Кепкенсің бе, балам сен, Бейжін де бұдан сау қалмас! Қара күшке есірме, Қақан да бұдан сау қалмас! “Манас”. ~ Тез үйреніп кеттім мен де, Айтысына зәрі қатты, У аралас қалжыңына, Мұңды, ызалы сылтыңына. І.Жанс. ~ Қыс та түсер ақбасты зәрі мықты, Мысалы, еске салып кәрілікті. Алға тарта бермегін жасты, жаным, Алпыс шалған көңілдің бәрі күпті. А.Әлім.