Posted in

ЗӘРІ СЫНДЫ

Ауа райы жібіді, суығы қайтты. ~ Теріскейдің желі алыстағы теріскейдің ызғарын бұл араға со күйінде жеткізе алмайды; Арқаның кен, даласынан өткенше, ызғардың зәрі сынып, қуаты кетіп қалады. С.Мұқ. ~ Бесінге қарай көк жүзін түгел бұлт торлап алды. Шақырайған аппақ қардың сәулесі сөніп, реңі солып күңгірт аспанның астында сұлық жатыр. Ауадағы ызғардың да зәрі сынып, төңірек мүлгіп қалғандай. Бір түрлі жұмсақ, бұйығы тыныштық. Т.Ахт. ~ Еламан сыртқа шыққанда ымырт үйіріліп қалған екен. Бағанағы салқын желдің ептеп зәрі сынғаны болмаса, әлі азынап тұр. Ә.Нұрп. ~ Тағы да екі-үш жерден шыққан ойбай екі-үш жылқының пышаққа ілінгенін аңғартты. Әйелдердің зәресі кетті. Пышаққа ілінген жануарларға жандары ашып, екі көзге ерік беріпті. — «Жұт жеті ағайынды» деген рас екен-ау, ең болмаса күннің зәрі сынсашы! — деді Теңге. К.Қаз. ~ …Айнала ақ күмістей жалтырап көзді ұялтады. Күн барған сайын сәулесін молайтып келе жатқан сияқты. Әнеукүндері сияқты емес, зәрі сынайын деген. К.Қаз.

  1. Ашуы басылды, сабасына түсті. ~ Мюлгаузен жауап бермеді. Жаңа ғана жалына қол апармай өрекпіп тұрған жан кенет зәрі сынып, су сепкендей сөне қалды. Ә.Нұрп.