Қажетсінді, керек етті, мұқтаж болды.~ Асылға зәру болған соң, Басымда дәурен тұрды ма? Жайпақтап жердің биігі, Жапалақ қонды тұрғыға. Н.Айт. ~ Шындығында, бұлбұлы сайрап, елiгi ойнап, өзiмен-өзi мамыражай тiршiлiк кешiп жатқан мынау ну орманның iшiне қанша зәру болсаң да түтiн құсқан техниканы кiргiзуге болмайды екен. Мүлде болмайды екен!.. Н.Ор.
