Posted in

ЗІКІР САЛДЫ

Диуана, дәруіштердің ем салу амалы. ~ Күн сайын зікір салып, ауруларды емдейді. Түні бойы лашық ішін көк түтін қылып, шөп қайнатып, дәрі жасайды. Т.Әбд. ~ Бақсы баланың құлағына еңкейіп сыбыр етті: «Қазір мен зікір салам, саспа». Аңсаған бұ сөзге түсінбеді, бірақ бақсының түріне қарап, зікірі жақсы нәрсе шығар деп түйді. Ж.Нәж.

  1. Маңайын у-шу қылды; әкіреңдеп, айбат шекті; құтырды д.м. ~ Жоғарғы ауылдан қыз-келіншектердің шырқаған әні естіледі. Қартқожаның ауылынан «Айтақ-ау, айтақ» деп бір қатын даусын созып отыр. «Мен де ояумын» дегендей, боз бойдақ түрегеліп, түшкірініп-пысқырынып «зікірін» салып басылды. Ж.Айм. ~ Сәлден кейін толқын мен тас шатқал ішінде қайта сүзісіп зікір салады. Асау толқын арнаға сыяр емес. Ш.Айт.