Posted in

ЗІЛДЕЙ (ЗІЛ) ТЫНЫШТЫҚ ОРНАДЫ (БАСТЫ)

Ауыр, жақсылық нышаны жоқ үнсіздік. ~ Ауыр киіз есікті серпіп ашып шығып кетті. Үй ішінде тағы зілдей тыныштық орнады. С.Ел. ~ “… Қаспақов сынды оңшылдардың таптық бет-пердесін ашатын мезгіл жетті” деп барып бір-ақ іркілді. Кең бөлме ішінде біруақ зіл тыныштық орнады. С.Ел. ~ Төңіректі зіл тыныштық басты. Тек шегірткенің шырылы ғана толассыз естіледі бұта арасынан. С.Ел.