Posted in

ЗІЛДЕЙ АУЫР

Өте ауыр, батпандай, қорғасындай. ~ Қалыптасқан тілдік норма шеңберінен төгілген сөз саптасы Оралханға дейін Жүсіпбекте ғана болған. Әр шығармасы тілдік тұрғыдан басынан қорғасын салмағын жоғалтпайды. Зілдей ауыр. Н.Айд. ~ Батты балқып дала мұнға Бір кездегі өз сырласы. Көздердің тұр жанарында Зілдей ауыр мезгіл жасы. Көтер еңсе азалы елі Оған ажал жетпес күші. Қазыналы қазақ жері — Қанышыңның ескерткіші. С.Мәу. ~ Шынымен-ақ аңырап қалғаным ба? — дегенді тағы айтты. Бұл сөзді неге айта беретіні маған аян. Зілдей ауыр қайғы бар жүрегін қайғыдан да ауыр ой басқан. М.Им.