Posted in

ЗОБАЛАҢ ТУДЫ

~ Осыншама көп әскер шөлге ұрынып, шаршап-шалдығып, ақыр аяғында бұның өз басына зобалаң туды. Ә.Нұрп. ~ Прокурор мен Жақаншаның босқа келмегенін, бұларға да зобалаң туғалы тұрғанын іші бірден-ақ сезген. Б.Тоғ. ~ Ал сіздердің бастарыңызға не зобалаң туды деймін- ау, туған жерді тастап көшуге?- Айттым ғой? Ол ұзақ әңгіме… Т.Рыск. ~ Қанша бір дүниенің тірегі сонда тұрса да, бұл жолы бір зобалаңды туғызармын ол алаяққа. С.См.