Posted in

ЗОР ТҰТТЫ

Қошеметтеді, артық көріп, құрмет көрсетті, бас иді. ~«Бас-басыңа би болса, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Абай. ~ Япыр-ай десеңші? Осы менің де Әбділдәмен жолдас болғаныма көп болды ғой. Істеген ісімізде қаяусыз дос болдым. Соның алғанын зор қылып, қарағанын жер қылмақ болып-ақ жүрдім. С.Шайм.