Posted in

ЗЫП БЕРДІ

Лып етті, жылдам қимылмен әрекет етті. ~ Бірінші есікке жақындағанда кілт бұрылып маған тағы бір әдейі жымиғандай болып, зып беріп кірді де кетті. Ж.Аяз. ~ Қыз алдыңғы есікті ашып, зып беріп отырып алды да, жігітке бұрылып: – Дұрыс түсіндіңіз ғой, екінші вокзал, 500 теңге. – деді тағы да тақ-тақ етіп. Д.Рам. ~ Әп-сәтте жан-жағын бағдарлап алған әккі төбет шарбақтың тесігіне зып берді де, ашық сүдігермен зыта жөнелді. Т.Бер. ~ У-шудан қашып, тор үйге зып беріп ем, Әйеш айна алдында Қыз Жібектей керіліп тұр. М.Қаб.