Пайдасын көпшілік көретін, игі мақсатты көздейтін іс, шара. ~ Міне, жылдан асты – сол арманда кеткен адамына арнап зәулім мола тұрғыза бастаған… Ендігі қалған аз ба, көп пе ғұмырын осы игілікті іске арнамақ. О.Бөк. ~ Сары уайымға салынып бос жүргеннен гөрі, осы — пәтуалы, қайыры бар игілікті істей көрінді. Алла, жар болғай! Ш.Бей. ~ Адам болған соң артына тым болмағанда зәредей игілікті іс қалдырмау қандай аянышты өлім еді. О.Бөк.
