Posted in

ИЕК АСТЫНДА

Мына тұрған жер, жап-жақын. ~ Көктен төгілген мөлдір тамшыларға армансыз шомылған биік үйлер мұнтаздай болып жуыныпты. Иек астында шыттай болып жарқырап тұр. С.Нұғ. ~ Осы уақта бие байлап, шығатын жайлауымыз ғой. – Жылда солай ма? – Иә. – Отағасыңыз? – Ол кісі – дәрігер. Машинамыз бар, Қарқаралы, міне, иек астында тиіп тұр. Барып-келіп істейді. И.Жақ. ~ Иек астындағы малды ауылға жеткенше Сарторғайдың жағасына сан тоқтап, ара- тұра аяқ суытып, ауыз шайқадық. Қ.Ысқ.