Posted in

ИЕН ТЕГІН

Есепсіз мол, сұраусыз, ағыл-тегіл дүние. ~ Ол Әкөнді иен тегін ыстық суға шомылдыртып, қазандықтың ішіндегі бір бөлмеден орын сайлап, ыстық аспен ауқаттандырып, өздерінің бір мүшесі – от көсеушіге айналдырды. А.Алт. ~ Қазір иен тегін бос ағып жатқан су жоқ қой. Тау өзендерінің бәрі халдайлардың меншігінде. Олардың қолында императордың өзі мөр басқан құжат бар. Қ.Жұм. ~ Қажет болса қарағайдың жуан бұтақтарын бір ұрып, борт еткізіп сындыратын, қазандай үлкен– үлкен тастарды жерден қопарып алып, лақтырып жіберетін иен тегін күш– қуаты кішкентай ғана домалақ пәлекетке жетпей қиналсын. К.Сег.