Posted in

ИІ ЖҰМСАҚ

Мейірімді, көңілшек. ~ О бастан иі жұмсақ, көңілшек шығар. О.Сәрс. ~ Шешең оны айтпаған екен-ау саған. Иі жұмсақ адам
ғой, кейде батырыңқырап, кейде жеткізіп айтатын реті келгенде де балаларының көңіліне келер деп, ішінде сақтайтын әдеті
бар еді… Қ.Кен. ~ Бірі өткір, бірі қайсар, бірі ұрыншақ, Бірінің жаны нәзік, иі жұмсақ. Жалтақтап отыратын енді бірі Жанарын
жан-жағына жиі жұмсап. C.Жиенб. ~ Қайсекең тракторын баппен ұстайды, жұмысқа мұқият, балаларға зәрі жоқ, иі жұмсақ.
“Иі жұмсақтықтан” опық жеп қалатыны да бар. М.Қаб. ~ Кешкі уақыт. Бәріміз үйде отырмыз. Мен әжемнің мойнына асылып,
мазалап ойнай бердім. Әжем көнбіс, әрі иі жұмсақ. Мазаладың деп ренжімейді. Б.Соқп. ~ Сағи ағамыз, Жиенбаевты
айтамын, иі жұмсақ, мінезі жайлы, үлкен-кішіге бірдей жұғымды, сырбаз да сылаң, сыптығыр жігіт болатын. С.Иман.