Posted in

ИІ ЖҰМСАРДЫ

Көңілі жібіді, босаңсыды, қабағы ашылды. ~ Енесі Анаргүл мен өзінің күйеуі ерке келінді көнбіс етіп алуға, иін жұмсартып, айтқандарына көндіруге талай- талай әрекет те жасады. Б.Мом. ~ “Түскен шағымды тексеріп, жоғарыға есеп беруім керек” деп жауар бұлттай түйіліп келген әділ заң өкілі, жылқы кісінескенше дегендей, жеңешеммен оңаша күбірлескен соң, бірте-бірте иі жұмсарып, күлімдеп қайтатын. Т.Сәу. ~ Жас кездегі ашулы қайраты бара-бара сап-сап сабырға ұласқан. Тіпті иі жұмсарып, көңілшек болып бара ма? Р.Отар. ~ Бір күні аяқ астынан иі жұмсап, мейірімі түскен шешесі басынан сипап: «Алысқа ұзама, ботам, қазір нан жейсің»,—деді. М.Қаб. ~ Басқаларға бақан ала ұмтылғандай батырлық танытатын кермиық Айымша Маратбекке келгенде тез босаңсып, иі жұмсарып, көзі күлімдеп ала жөнелетін. С.См.