Posted in

ИІН ҚАНДЫРДЫ

Бабына келтірді. ~ Мүсірәлінің иін қандырған соң, қызыңқыраған бай бір жігітке ым қағып, домбыра алдырды. Ж.Айм. ~ Әрине, комендант бұл ойларын Әзизаға иін қандырып, жылы-жұмсақтап жеткізген. М.Қаб. ~ «Бал арасы», «Жылан ордасы», «Құмырысқалар патшалығы», «Жау тоғайдың мәңгүрті» бастаған сүбелі әңгімелері осындай соны тақырыптарды иін қандырып жеткізуімен құнды. Ж.Шәк. ~ Әбікен туындысының иін әбден қандырды. Қайталап ұзақ тартты. Ө.Кәр.