Posted in

ИІНІ КЕЛГЕНДЕ (КЕЛСЕ)

Реті, орайы болғанда, сәті түссе. ~ Үндемей тұнжырап отырған Ләзизаға сөздің иіні келгенде Жансейіт: — Қалқам-ау, неден қысылып отырсың? Былай… Тамақ алып, әңгімемізге ортақтассаңшы,— деп бір қойды. Б.Тоғ. ~ Майданнан жараланып оралған осы жігітті Қырмызы ауызға көп алып жүрді. Әңгіменің иіні келсе мақтап та қояды. Н.Сер.