Posted in

ИІСШІЛ ИТТЕЙ

Сұқтанып, тіміскіленіп жүретін пәлеқор адам туралы. ~ Ізін аңдып, иісшіл иттей сүмелеңдеп ерген еркектен жиіркенгені соншама, одан тезірек құтылу үшін зымырап жүгіре жөнелді. О.Бөк. ~Жығылған үстіне жұдырықтап, Совет Одағының жіберген тыңшылары иісшіл иттей тіміскілеп, арғы беттен қашқан- пысқан күдікті адамдарын қуғындауды шығарды. Т.Рыс. ~ Олар дәл қазір тіміскіленіп, иісшіл иттей құлағы салбырап, сіздің де қасыңызда отыруы мүмкін… Сондықтан, салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар! Қ.Иса.