Көндікті, ыңғайын берді. ~ Жеңгесі де Балташпен таныс. Балташтың тәуір жігіт екенін — олар да біледі. Бұрын Төлеген Балташты: «Икемге көнбейтін, бір беткей, қазақ жайын білмейді»…— деп ішінен ұнатпаушы еді. Ж.Айм. ~ Кеңестік система да ой өкілдерін «өзінше төбесіне көтерген». Тым тереңдерін, әлеми–қазақы мәдени үлгілеріне сүйенген алашорда өкілдерін атып, асып, қуып тастады да, икемге көнгеннің алдына ас, екі қолын бос қойды. Қ.Жиен. ~ Әлекең естісімен: «Ішіңді ұрайынға барамын, сыңайларына қарай көрем, тіпті икемге көнбей бара жатса Әлекең күш көрсетуден де танбайды» деп уағдасын беріп қалды. С.Жүн.
