Posted in

ИМАН КЕЛТІРДІ

Аллаға бас ұрды, күмәнсіз сенді. ~ Сен алла тағалаға алла тағала үшін иман келтіремісің я өзің үшін иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де, алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә инандың. Абай. ~ Боран боларын күн бұрын білетін амал болса, малдан бүйтіп қапыда айрылмас едік– ау деп сол күнде ойлаушы ем. Бірақ қайыпты əулие болжайды. Пайғамбар болжайды, жай пенде білмейді деп иман келтіріп, боранды болжаудың амалын таба алмай қоямын. Ж.Айм.

  1. Құдайдай сенді. ~ Жаһанда онан күшті нәрсе жоқ деп иман келтірген махаббаттың күші ерімен екеуін бір-біріне берік байлауға үш-ақ жылға ғана жетіп, енді өз-өзінен сөнейін деп тұрған жоқ па? М.Жұм.