Posted in

ИМАН ҚАШТЫ

Аллаға деген сенімінен айрылды, ақиқат жолдан тайды. ~ Сабыр етіңдер! — деді Тоқтыбай. — Есі ауысқан адамнан иман қашады. Алла тағала пендесінің ауызына құран сөзін салу — бізге парыз… Б.Тоғ. ~ Кешегі атеизм деп аталатын алапат заманда ауыл-аудандарды айтасыз, бүкіл облыс бойынша он мешіт болды ма, болмады ма, нақтысын сала мамандарынан басқа ешкім айтып бере алмайды. Біздіңше болған жоқ. Мойындайық, сөйте тұра елден иман қашқан жоқ. Бүгінгідей әр ауылда кемі екі-үш мешіт болмады демесеңіз, қазіргідей ұшақ-ұшақ болып қажылыққа бармады демесеңіз, ата-әжелеріміз намазын да оқыды, оразасын да ұстады. А.Бал.