Ас та төк молшылық хақында. ~ Қашаннан күткен құдалықтар да жасалды. Арақ ит басына іркіттей төгілген соң əйелдер соншама көркем, еркектер соншама ырысты болған соң құдалықты жайға қарататын не бар? Ж.Айм. ~ Мен… әке-шешеден ерте жетім қалып ата-әжемнің қолында өстім. Кедей болдық. Ит басына іркіт төгілген заманда қара нан, қара сумен отырушы едік. Т.Әсем. ~ «Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс- несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Д.Әш. ~ Жапандағы жалғыз үйде ішіп-жеудің небір түртүрі ырғын, ас та төк – ит басына іркіт төгіліп жататын. О.Бөк. ~Ит басына іркіт төгілген мына молшылық заманда алақандай бөлмеде экраны түрменің торындай ғана шағын теледидар арналарына таласып отырамыз деп кім ойлапты? С.Олж.
