Қорлықта, азапта күн кешті, запа шегіп өлді. ~ Иә, өзім де айтып отырмын ғой. Қызыл жалауға Халелді бекер-ақ жіберіппін. Есіл мал текке ит жемеде кеткен жоқ па. Омбыға барсақ, иншалла, ақшаны күреп аламыз. С.Жүн. ~ Одан басқа ешнәрсе жоқ. Мұратқан біраз дамылдап отырады да, қой бүйткенше өлген артық, ақыр ит жемеде кетеді екем, онан да қинамай тастан секіріп құлап өлейін… ҚЕ. ~ Киімдері жұқа жыртық болған соң, жатқан жерлері қарлы жел уілдеген барақ болған соң, азап шегіп, бұлардың бәрі ит жемеде осылай қырылып таусылған екен. Әзір тірі жүргені — сол біз көрген он шақты тірі өлік. С.Сей. ~ Анау Maқанның уысында тыпырлағанда арқа сүйеріміз өзің деп жүрсек… Бізді сонда ит жемеде қалсын деймісің? С.Смат. ~ «Қой, бүйтіп ит жемеде өлгенше, мына тастан құлап өлейін» деп, енді секіргелі тұрғанымда, арт жағымнан бір дауыс: «Ей, ақымақ, имансыз неге өлесің, онан да анау бейіттің ішінде екі дәруіш отыр, соған барсаң мұратыңа хасыл болады», – деді. ҚЕ.
