Posted in

ИТ ІШПЕС

Адам түгіл итке жарамайтын сусын туралы. ~ Қырық темір қақпаны Шалқұйрықтың күшімен Қирата бір ашқанмын, Онан әрі шыққанмын. Ит ішпестің Алакөл Су түбіне түскенмін. “Көкетай хан…” ~ Орынын қырып, сыпырып, Бір қашырға артады. Ит ішпестің көліне Өлігін төгіп қайтады. БС. “Ғаяр қатын”. ~ Күріжкедегі сусын ит ішпес бірдеме екен. Кеме кофесі. Бірақ бойыма қан жүгіртіп, сергітіп жіберді. Дж.Лонд.