Сұқтана қадалған ұнамсыз көзқарас туралы. ~ Бұған ит көзімен жалт қарады да, өріске кете барды. Шешесі болса шарбақтан екі ешкіні зарлатып қуып шықты. М.Қан. ~ Андыз-андыз өскен сақалын самалай төңірегін барлай отырып. ـــ Әлгі қызшы? ـــ деді аузын етке толтыра шайнаған, жанары жайнаған, елуді еңсерген ұры ит көз адам ырс-ырс күліп. Б.Жұм. ~ Қоймашы шиқан қабақ, имек мұрын, ит көзді жігіт еді. Жолбасарға ұнды алдап сатуды үйреткен қутұяқ сол екен. Д.Қуат.
