Ұнамсыз мінез-құлықтарының кесірінен өзгелермен көп сыйыспайтын, кердең, өзімшіл адам туралы. ~ Мына менің та¬йыз түсінігіммен, ит мінезіммен ол жағдай әбден мүмкін болатын. Ә.Асқ. ~ Өзім білем мінезі — өркөкірек басшыларды дүниеге әкеледі. Өзім ғана деген текетірес ит мінез ғажайып сүттей ұйып отырған отбасының шаңырағын ортасына түсірген. Д.Дос. ~ Енді біреулердің іс-әрекетіне қарап, адамшылығына көңіл толмаған жағдайда кім екенін көпке жаяды. «Оны қой, бір ит мінез ғой» деп келтесінен қайырады. «Ит мінез» дегені түйсігі барға түсінікті сөз. Ж.Дәу.
